Жас ауыр атлетіміз әлем чемпионатында топ жарды
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерді. Күміс жүлдені армениялық Валерик Мовсесян иеленсе, қоланы Бекзод Гофиржанов жеңіп алды. Былтырғы әлем біріншілігінде екінші орынға тұрақтаған Нұрдос Сабыр биыл сол олқылықтың орнын толтырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Перудегі әлем чемпионатында Нұрдостан бөлек, Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді