Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас ана босанған соң комаға түсіп, оянғанда 9 жылдық өмірін ұмытып қалған

Босанған соң 22 жастағы жас ананың жүрегі 68 минутқа тоқтап қалған. Сондықтан да дәрігерлер оны жасанды комаға жіберуге мәжбүр болған. Өкінішке қарай, оянға соң әйел соңғы 9 жылда болған оқиғаларды ұмытып қалған.

Бұл туралы “Cetusnews” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шеннон Эверетт төрт рет түсік тастаған. Екінші сәбиіме енді ғана қолым жеттім деген кезде жас ана осындай жағдайға тап болып отыр. Шеннон екі апта көлемінде комада жатқан. Ал оянған соң 13 жастамын деп ойлаған.

Бұдан кейін Шеннон тағы 6 аптасын ауруханада өткізгенімен, ол өткен өмірін еске түсіре алмады. Ол тіпті, күйеуі мен балаларын танымайды, тіпті жақында ғана босанғанын білмейді.

“Оны перзентханаға жіберген кезде тағы да бір немеремізбен бірге оралады деп күттік. Бірақ енді тағы бір баламыз пайда болғандай, себебі сәбиден қарағанда Шеннон күтімді қажет етеді”, – дейді анасы Никола Эверетт.

Шеннон жартылай сал болып қалған, сондықтан да мүгедектер арбасында отыруға мәжбүр. Өз отбасы болса да, жас ана қазір өз ата-анасымен бірге тұрады.

“Мені анашым деп атайды. Қайда тұрасың деп сұрасақ, ол 13 жаста болған кезде тұрған үйімізді айтады. Күйеуінің кім екенін білмейді. Екі баласы бар екенін айтсақ сенбейді. Жалпы бүкіл өмірін ұмытып қалған сияқты. Өзін әлі бала сезінеді”, – дейді Шеннонның анасы.

 

 

Талқылау