Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылқап Қалыбай АҚШ-қа аттанған

Белгілі журналист, халыққа кеңінен танымал «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» басылымдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай жасы 60-қа жақындағанда ағылшын тілін үйрене бастады. Ол, тіпті, тіл меңгеру үшін АҚШ-қа аттанды.

17362583_10211933144102385_884247258388634746_n (1)

Бұл туралы желіде Жан Гаскин жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Кеше керемет адаммен кездестім. 57 жасында ол тіл үйрену үшін АҚШ-қа келді. Ол өзінің өмірін қайтадан өзгертуге тырысып жатыр. Ең бастысы ол жарты жылдан бері осында жүр және оның қолынан келіп жатыр. Ал сіздер 30 жаста ештеңені өзгертуге болмайды дейсіздер. Бізге сеніңіз – сіз қатты қателесіз», – деп таңданысын білдірді жазба авторы.

Гаскиннің айтуынша, Жарылқап Қалыбай Нью-Йорктің жанында орналасқан кішкентай қалашықта тіл үйрену курсына барып жүр. Одан бөлек, журналистің екі шетелдік азаматпен бірге жатақханада тұрып жатқаны белгілі болды. Жарылқап Қалыбай ағылшын тіліндегі басылымдарды түпнұсқадан оқуды көздейді. Ол елге маусым айында оралмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Ақтөбе облысында оралман отбасын заңды пәтерлерінен қуып шықты

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Төрт жасар бала айфонның көмегімен анасын өлімнен арашалап қалды (видео)

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2017 11:15