Жаркентте ер адамды атып кетті
Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті Жаркент қаласында адамға оқ атылып, оның көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылы 3 қаңтарда Панфилов аудандық полиция бөліміне Жаркент қаласында жараланған мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар кек аламыз деп таныстарына тапанша тосқандарын мойындады. Күдіктілердің айғақтары мұқият тексерілетін болады. Олар уақытша қамауға алынды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Оқ атып, пышақ тыққан: Елордада жаппай төбелес кезінде екі адам мерт болды
- Көкшетаулық ветеринарлар балалардың көзінше иттерді атып жүр
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" 7-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық