Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сөйлей алмайтын мүгедек қызды қорлап келген оның емші ағасына сот үкімі шықты

Ақтөбеде мүгедек қызды зорлаған немере ағасына қатысты үкім шықты. Қол-аяғы тартылып, сөйлей алмайтын бойжеткеннің туысы енді алты жарым жыл бойы түрмеде отыруы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

зорланған

Осыдан жарты жыл бұрын жарымжан қыз жақынынан жәбір көріп жүргенін ата-анасына ыммен білдіреді. Туғалы аяқ-қолы тартылып қалған, айқайлауға тілі жоқ, құлағы керең бойжеткеннің қорғануға ол кезде мүлдем мүмкіндігі болмапты. Сол кезде 55 жастағы немере ағасы қамауға алынып, тергелді.

Сот істі бірнеше рет кері қайтарған болатын. Себебі, зорлық болған күндерін мүгедектен айтып беруді талап еткен. Ақыры сотталушының кінәсі дәлелденіп, алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Айуандыққа барған немере ағасының отбасы бар және ол науқастарға дем салып, халық емімен айналысады. Ал жәбір көрген қыздың отбасы енді үйін сатып, ауылдан көшпекші. Себебі, жарымжан бойжеткен өз үйінен шошынып қалған.

"Енді көңіліміз толмаса, не істейміз? Осылай сот шешті. Бәрі дұрыс деп ойлаймын. Қызым: "Сотталып келгенде қалай болады, не болады?"- деп сұрай береді. Оны анда-мында апара береді. "Неге мойнына алмайды?" деп сұрайды", - дейді жәбірленушінің анасы.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр