Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарылыс пен атыстың дауысы естіледі": Танымал Голливуд актері Украинада қалып қойды

Ресейлік журналист Ксения Собчак үйіне ұша алмай, Украинада қалып қалған танымал Голливуд актері Шон Пеннмен сұхбаттасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ксения Собчактың сөзінше, Шон Пенн таяуда Киевке барып, президент Владимир Зеленскиймен кездескен. Алайда актер Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан үйіне қайта алмай қалған. Бүгінде ол коменданттық сағат ережесін сақтап отыр. Ал эфир кезінде жарылыс пен атыс дауысы естілген.

“Мен саяси тұрғыдан қарастырғым келмейді, бірақ куәгер және адамзат жаны мен жүрегінің өкілі ретінде дипломатиялық қатынас орнамаса, бұл басшылық қабылдаған ең қате шешім болады деп ойлаймын. Украина мен Ресейдің керемет халқы Жер шарындағы бейбітшілік пен келісімнің символы болуы керек”, – деді Голливуд жұлдызы.

Сондай-ақ Шон дәл осы кезең оның өміріндегі ең маңызды сәт екенін атап өтті.


Қазақстанда Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 26 Ақпан, 2022 13:12
Талқылау