Жарылыс болған: Ақтаулық полицейлер ауруханадан шыққан өртті өздері сөндірген
Маңғыстау облысында полицейлер ауруханадан шыққан өртті сөндіруге және ғимараттағы науқастарды шығаруға көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары - Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген", - делінген ресми хабарламада.
Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеген.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн