AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылып кетуі мүмкін: Қостанай облысында үйлеріне газ тартылған тұрғындар өмірлері үшін алаңдаулы

Қостанай облысында Әулиекөл ауылының тұрғындары газ құбырын тарту жұмыстары дұрыс жасалмай жатқанын айтады. Газды су құбырының үстінен өткізгендіктен енді су құбырының жөндеу жұмыстары жүргізілмей отыр. Сондай-ақ бұл адам өмірі үшін қауіпті. Газ құбырын салу жұмыстары біткенін тұрғындар қорқынышпен күтіп отыр. Себебі ондай жағдайда тұрғындар не сусыз қалады, не жарылыс болады. Газ құбырларын жердің астында су құбырының үстіне салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Әулиекөл ауылының тұрғыны Татьяна Андерс бұл апаттық жағдай екенін айтты. 

“Мұны бізге кім жөндеп береді. Бұл жағдайда жерді қазу кезінде адамдар зардап шегуі мүмкін”, – дейді ол.

Тағы бір тұрғын Шынғали Хусаинов пластмастан жасалған арзан құбырларды түсіре салған дейді. Оны түсіргенін ешкім қадағаламаған. 

“Сұмдық жағдай. Қадағалаушыға айтсам, күледі. Мұны қалай түсінуге болады?”, – дейді жергілікті тұрғын, су құбырының иесі Юрий Заикин. Ол 75 үйді сумен қамтамасыз етіп отыр. 

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов тұрғындар уайымдайтындай ешқандай себеп жоқ екеніне сенімді. Себебі газдандыру жобасы сараптамадан және барлық қызметтермен келісуден өткен.

“Ешқандай қауіп жоқ. Компания, су құбырларының иесі газ құбырын салуға келісім берді. Қашықтық, бәрі сақталуда”, – дейді Қостанай облысының әкімі.


"Қазақтар - ең жайбарақ халық": Алматыдағы "Восемь озер" танымал демалыс аймағында өрт шықса да, демалушылар эвакуацияланбаған 


Бірақ техникалық қадағалау саласындағы сарапшылар құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып құрылыс жүргізуге болмайтынын айтады.

 "Костанайводпроект" ӨЖП ЖШС авторлық қадағалау сарапшысы Владимир Кочин су құбыры немесе жылу желісі үстінен газ құбыры желілерінің құрылысына жол беруге болмайды дейді.

“Бұрын су құбырының осінен немесе газ құбырының осінен бір метрге жуық норма болған, ал қазір екі метр қажет”, – дейді маман.

Тұрғындар болған оқиғаға қатысты күйзеліске ұшырағандарын айтады. Өйткені газ жақын арада іске қосылуы керек. Алайда жайлылықтан бұрын енді олар өмірлері үшін уайымдауда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр