"Жарылғыш зат бар": Алматыдағы ірі сауда орталығынан шұғыл түрде адамдарды эвакуациялады

Алматы қаласы Бостандық ауданы Сәтпаев көшесінде орналасқан "АДК" сауда-ойын-сауық кешенінен адамдар эвакуацияланды. Қаланың шұғыл және жедел қызметтері жарылғыш құрылғы туралы хабарламаға байланысты тексеру шараларын жүргізді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АДК

Эвакуация кезеңі түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан сауда кешенінің жанында адамдар көп шоғырланғанын байқауға  болады. Сондай-ақ, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жүр, жедел жәрдем көлігі тұр.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер не болып жатқанын түсіндірді.

"Осы сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі уақытта қаланың шұғыл әрекет ету қызметі сауда орталығында тексеру шараларын жүргізуде. Қаланың барлық шұғыл қызметтері жұмылдырылған. Осы СОО-ның келушілері мен қызметкерлерін қауіпсіз қашықтыққа көшіру жүргізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тасымалдаумен айналысады", - деді полиция өкілдері.

Ведомство азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға және дүрбелең салмауға шақырды.

Кейіннен Алматы полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар жалған болғанын хабарлады. 

"Осы нысанда сағат 17: 30-да тексеру жұмысы тоқтатылды. Жарылғыш құрылғы табылмады. Хабар жалған болып шықты. Қазіргі уақытта сауда үйі қалыпты жұмыс істей бастады, барлық келушілер мен жұмысшылар жұмыс орындарына қайтарылады", - деді ведомстводағылар.

 Сонымен қатар, қаланың жедел полиция бөлімшелері хабар таратқан адамды іздеп жатыр, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty) on

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр