Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарықтықта төгіліп тұр": Кіндігін ашып билеген Мадина Сәдуақасова сынға қалды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова жеке парақшасына видео жүктеп, су жаңа әні жарыққа шыққанын сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші видеосының астына ешқашан өзгермейтінін айтып, философиялық жазба қалдырды.

“Осындаймын. 20-30 жаста қандай болдым, өзгермедім. Еркін, ерке, шынайы… Басқалармен салыстырмаңыз, әр адам басқа әлем, менің әлемім бөлек, ешкімге ұқсамайды”, – деп жазды әнші. 

Әншінің оқырмандары кіндігін ашып билегенін сынап тастады. “Дап-дардай қатын, киімі алқам-салқам” десе, “Жасыңа лайық болсаңшы”, “Өзіңмен қатарлас әншілерден үлгі ал”, “50-ге таяп қалған бұл қылығың ерсі” деп негатив пікір білдіріп жатыр. Әншінің өнердегі әріптесі Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева өзгермейтін болмысын айтып, жарыса мақтап жатыр. 

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әншінің видеосын жеке парақшасының сторис бөліміне салып, “Жарықтықта төгіліп тұр” деп жазды.

Осыдан бір-екі күн бұрын әнші парақшасына “Адамның жүрегі біреу-ақ… Екі адамға бірдей ғашықпын дегенге сенуге бола ма..?! Пікірлеріңіз өте қажет” деп оқырмандарын алаңдатып қойып еді. 

Талқылау