Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жарыққа шыққанын ұзақ күттім": Тимати мен Назима бірігіп клип түсірді

Тимати мен қазақстандық Назима бірігіп клип түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тимати әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеклиптің қысқартылған нұсқасын жүктеген. Қос жұлдыз "Нельзя" әнін арнайы таңдап алған көрінеді. Тимати мен Назиманың клипі Армения жерінде түсірілді. Туынды көпұзамай жарыққа шығатын болады.

Клип жайлы Назима да өзінің парақшасына сурет жүктеп, жазба қалдырған.

"Бұл мен үшін ұмытылмас түсірілім болды. Бұл әсерлі оқиғаның жарыққа шыққанын ұзақ күттім", - деп жазды Назима. 

Әншілердің жаңалығын естіген желідегілер де пікір білдірген.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Завтра 📡

Публикация от Black Star (@timatiofficial)

"Бомба болатынын көзіме елестетіп жатырмын", "Қысқаша тизерін көргеннің өзінде қатты әсерлендім", "Қызығып тұрмын", - деп жазды жұрт.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттік Назима "Песни" жобасына қатысып, танымалдылық жинаған.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр