Жарақатына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Рыбакина WTA қорытынды турнирінде бақ сынайды
Елена Рыбакина 2 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін WTA қорытынды турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
WTA қорытынды турниріне маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында екінші рет ең беделді турнирлердің біріне екінші рет жолдама алып отыр. Ол күлгін топ сапында өнер көрсетеді. Рыбакинаның қарсыластары Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия) және Чжан Цинвэнь (Қытай) болмақ.
Қызыл сары топқа Ига Швентек (Польша), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) сынды теннисшілер енді.
Айта кетейік, Рыбакина 2 қарашада Паолиниге қарсы алғашқы матчын өткізеді. Ал турнир 9 қарашада аяқталады.
Талқылау