Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жара орнын тікпей қойды": Дәрігерлер ота кезінде науқастан ақша төлеуді талап етті

Қытайдың Ганьсу провинциясы Иньчуань қаласында дәрігерге ота жасалып жатқан науқастан 58 мың юань мөлшерінде ақша төлеуді талап етті.

Жеке емхана дәрігерлері ота кезінде науқастан несие картасы арқылы ота ақшасын төлеуді талап етті. Дәрігерлер ота кезінде басқа да ауру барын анықтап, оны емдеу үшін қосымша ақы төлеуі керек екенін айтады. Төлемеген жағдайда жараны тігуден бас тартқан соң науқас ақша төлеуге мәжбүр болды. 

Ма есімді тағы бір науқас аталған емхана қызметкерлері оның бойында жұқпалы ауру бар екенін, оны емдеу үшін қымбат емдеу курстарынан өтуі керек болғанын жеткізді.

Бірнеше науқас тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымына арызданды.

Полиция тексере келе қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Чжоу Юйгуанның емхананы қолдап келгенін анықтады. Ол жауапқа тартылып, айыппұл төледі. 50-ден астам қызметкер қамауға алынды. Олардың кесірінен 100 науқас зардап шеккен. Емхананың 11 қызметкері қамауға алынды. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Желтоқсан, 2019 15:58
Талқылау