Жапониядағы сакураның гүлдеуінен түсірілген сиқырлы суреттер (фото)
Жер бетінде көктем келе салысымен ғажайып түске оранатын Жапониядағы секілді санаулы орындар бар. Мәселен, шие ағашының гүлдей бастауы табиғаттың көз тоймас әсем көріністерінің бірі.
Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.
Жапонияға келген National Geographic жергілікті тұрғындарға өздерінің ең керемет деп тапқан фотоларын жіберуді ұсынады. Жапондықтар сакураның гүлдеуіне аса сақ қарайды. Елдің метеорологиялық басқармасы маусымға толыққанды болжам жасайды. Гүлдеу сәті оңтүстіктен басталып солтүстікке жылжиды. Ал тұрғындар бұл процеске асқан қызығушылықпен қарап, бақылап, өз ауылдарындағы тамаша табиғат көрінісімен сусындағысы келеді.
Талқылау