Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда белгісіз біреулер екі қонақүйге бомба қойылғаны туралы хабарлаған

Талдықорғанда жексенбі күні кешке қонақүйдегі бомба туралы ақпарат түсіп, дереу дабыл бойынша полиция құрамы көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Полицияға белгісіз біреу хабарласып, “Колизей” және “Парк Хаус” қонақүйінде бомба қойылғаны туралы айтқан. Келіп түскен хабардан кейін қонақүйлер орналасқан мекенжайға дереу потрульдік автокөліктер мен жедел жәрдем жіберілді. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.



Жетісу облыстық полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікірі білдірді. 

“Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанадағы мектеп пен сауда орталығында теракт жасалатыны туралы ақпарат тараған еді. 

 

Талқылау