Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапониядағы су тасқыны: 3 адам көз жұмып, 850 мыңы қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр (видео)

Жанпонияда су тасқыны болып, кемінде 3 адам көз жұмды. Билік 850 мыңға жуық адамды эвакуациялауда.

Жапониядағы су тасқыны: 3 адам көз жұмып, 850 мыңын эвакуациялауда (видео)

Сурет: Reuters

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарланғандай, толассыз  жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып, Кюсю аралының оңтүстігінде сел жүру қаупін тудырған. Билік Жапонияның батыс бөлігіндегі Сага, Фукуока және Нагасаки префектураларында 850 мыңға жуық адамды эвакуациялап жатыр. Мемлекеттің 14 қаласындағы 355 мың баспанаға талқандалу қатері төнген.

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Сага префектурасында көлікте болған бір адам көз жұмған. Оның көлігін тасқын су ағызып әкетіпті. Дәл осы өңірден көз жұмған тағы бір әйел табылды. Сонымен қатар Фукуока префектурасында үшінші адамның мерт болғаны туралы хабарлануда. Ол көлігінен шығып бара жатқан кезде тасқын сумен ағып кеткен.  

 

Аталған аудандарда сағатына 100 миллилитрден аса жауын-шашын түскен. Салдарынан өзендер арнасынан тасып, бірнеше префектураны су басқан. Сонымен қатар жолдар, темір жол станцияларын су басып, қоғамдық көлік, метро және сауда нысандары зардап шеккен. 

Биліктегілер тасқын су басқан аумақтарға көмек көрсету үшін әскери қызметкерлер жіберілгенін мәлімдеді.

Талқылау