Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда желі қолданушыларын алдап басын алып жүрген қанішер ұсталды

Жапония билігі желіде суицидтік сарындағы жазба жариялауды насихаттап жүрген қанішерді ұстады.

Такахиро Шираиши желі қолданушыларын өзіне қол салатыны жөнінде пост жазғызып, кейіннен басын алып отырған. Ол 15 пен 26 жас аралығындағы 9 адамды өлтірген.

Полицейлер 23 жастағы бойжеткен жоғалып кеткен соң тергеу жүргізеді. Бойжеткен желіде «Менімен бірге көз жұматын адам бар ма?» деп жазады. Бойжеткенге Такахиро Шираиши жауап беріп, бірге өлуге дайын екенін жазады. Бойжеткеннің атынан сөйлескен полицейлер кездесу орнын белгілеп қаішерді ұстады.

Қылмыскердің пәтерінен бір ай бұрын жоғалған 9 адамның денесі табылған.

Осыдан соң елдегі желі қолданушыларына суицидке жайлы жазба жазуға тыйым салынды. Суицидпен күресуге билік өкілдері де араласты.

Жапонияда жыл сайын 20 мыңнан астам азамат ерікті түрде өзіне қол салады. Елде «суицид сайттары» да кеңінен таралған.

Тағы да оқыңыз:

Тастанды бала жанынан «Балам, кешірші» деген хат табылды

Филиппин перзиденті Трамптың айтқанын орындап ән айтып берді

Түрмеде намаз оқыған сотталушылардың жыныс мүшесіне ыстық су құйып азаптаған

Талқылау