Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда самурайлардың өз-өзіне қол жұмсау рәсімі қалай өткен? (фото)

Мына ескі суреттер топтамасы осыдан 130 жыл бұрын жапон самурайларының өмірін көрсетеді. Олардың арасында харакири немесе сэппуку рәсімін көрсеткен фотолар жа жетерлік. Харакирилерді ар-абыройын сақтап өз еріктерімен дүниемен қош айтысқысы келген немесе жаудың қолында қалып қойған жауынгерлер қолданған.

1281

Бұл туралы Daily Mail жазды.

Өз-өзіне қол жұмсау әдетте қалың көрерменнің көз алдында жүзеге асырылатын. Мына суреттердің бірінде жас самурай өзінің ішіне қылыш сұғып алады.

2179

Жауынгерлер ақ киімдегі самурайдың харакириін тамашалап тұр

Самурайлар Хэйанның тұсында шамамен біздің заманымыздың 710 жылында пайда болған. Олардың мақсаты – Тохоху аймағындағы тұрғындарды бағындырып алу. Уақыт өте келе самурайлардың күш-қуаты арта түсті, сөйтіп олар Жапонияда зиялы жауынгерлерге айналды. XII мен XIX ғасырлар аралығында елді билеп-төстегендер де самурайлар болды.

Самурай өзіне-өзі харакири немесе сэппуку жасайды, яғни өзінің ішін жару арқылы өз-өзіне қол жұмсайды.

Самурайлар конфуцийшілдіктің ықпалымен жасалған кодекске сай әрекет ететін (тура аудармасы «жауынгер жолы»).

Ал ауыздан ауызға жеткізілген кодекстің басты ұстанымы – қарапайымдылық, адалдық, жауынгерлік өнерді шебер меңгеру және бақилық болғанға дейінгі намыс. Сондай-ақ, кодекс ережелері самурайларды отбасы намысын қорғап, басшыға адал қызмет етуге шақырған.

790

XV мен XVI ғасырларда бір-бірімен өштесіп алған самурайлар тобы көп болды. Алайда ақырында олардың саны азайды. Ешкімнен тайсалмайтын жауынгерлер пластикалық сауыт-сайман киіп, қарудың түр түрін ұстаған. Оның ішінде садақ, найза, мылтық, тіпті, самурайлар қылышы болған. Алайда Эдо  дәуірінде бейбітшілік орнап, көптеген самурайлар мұғалімге, суретшіге немесе шенеунікке айналып кетті. Себебі бұл уақытта жауынгерлік өнердің аса қажеттілігі болмай қалды.

879

1868 жылы таққа Мэйдзи император келген соң ол самурайлардың өкілеттілігін азайтты. Алдымен ол самурайларды Жапониядағы жалғыз әскер болу құқығынан айырды және 1873 жылдан бастап әскерді шақырты бойынша, яғни батыстық стильде құра бастады.

Ең алғашқы әскери фотографтардың бірі, венециалық Феличе Беато осы суретті түсірген болатын.

597

Мэйдзи кезінде самурайлар басқа қоғамдық таппен бірігіп, сидзокуға айналды. Дәл осы кезеңде олар катану киіп жүру құқығынан айырылды. Сол сияқты ел алдында самурайға құрметсіздік танытқан жанның басын шауып ала алмайтын болды.

1890 жылдар шамасындағы самурайлар тобы.

«Сидзоку» термиін (ресми атағы жоқ ақсүйектер) Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін жапон мәдениетінің бір бөлігі болып қала берді, тек 1947 жылы одан бас тартты. Гүлдену кезедерінде самурайлардың халықтың небәрі 10% құрағанына қарамастан, олардың ықпалын әлі күнге дейін жапон мәдениетінен аңғаруға болады. Әсіресе заманауи жауынгерлік өнерінде.

977

3127

4105

Жіберіп алмаңыз:

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

Телефонның құпия кодтары: Сізді смартфон арқылы аңдып жүргенін қалай білуге болады?

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

АҚШ-та мұғалімі дәретханаға жібермей қойған оқушыға миллион доллар төленді

Талқылау