Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылай бастады
Жапонияда 24 шілдеде Кюсю аралында Сакурадзима жанартауы атқылай бастады. Жақын маңдағы аудандарда қауіптің ең жоғары бесінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Kyodo News басылымы мәліметінше, жанартаудың атқылауы жергілікті уақыт бойынша 20.05-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17.05) басталды. Оянған жанартау күл шығарған. Жанартаудың бөліктері, тастар мен басқа туындылары жанартау кратерінен шамамен 2,5 шақырым қашықтыққа шашырап кеткен.
Кагосима қаласының Аримура және Фурусато аудандары қауіпті аймақта қалды. Сонымен қатар лава тасқынының қаупі әлі де бар.
Жапония премьер-министрі әкімшілігінің жанынан шұғыл түрде дағдарыс штабы құрылды. Онда болып жатқан оқиғалар туралы соңғы ақпараттар келіп түсуде. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Жергілікті билік жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтарды Сакурадзима жанартауына көшіруге шақырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”