Жапонияда өзгелерге коронавирусты қасақана таратқан адам көз жұмды
Жапонияда басқаларына қасақана коронавирус жұқтырған азамат көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
50 жастағы азамат Гамагори ауруханасында жатып жан тапсырған. Жапондықтың өлім себептері әлі жарияланбапты.
Бұған дейін наурыз айының басында ер азаматтың коронавирусқа шалдыққаны жайлы айтылыпты. Дәрігерлер тұрғынды ауруханаға алып кете алмай, оның үйде жатуын сұрапты. Алайда ер азамат туыстарына инфекцияны халық арасында тарататынын айтып, көше кезіп кетіпті. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ер адамның бір тұрғынға ауруды жұқтырғаны анықталған.
Жапонияда коронавирусқа шалдыққан 1594 науқас тіркеліпті, олардың 26-сы аурудан көз жұмған. Дәрігерлер 679 адамды ауруханадан шығарыпты, тағы 60 науқастың жағдайы ауыр көрінеді.
Талқылау

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
Бұл алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Жайық өзенінде болған