Жапонияда императордың немересі қарапайым жігітке күйеуге шықты
Жапонияда ханшайым Мако Акисино мен қарапайым жігіт Кеи Комуроның некелескені туралы ресми түрде жарияланды.
Бұл туралы Japantoday хабарлайды.
Токиода баспасөз мәслихатына қатысқан ханшайым, өзінің махаббатын “мықты, еңбекқор, үлкен жүректі адам” деп сипаттаған. Олардың үйлену тойлары келесі жылдың күзінде болады деп күтілуде.
Еске салсақ, Жапония императоры Акихитоның тұңғыш немересі Мако Акисино қарапайым жігітке күйеуге шығу үшін өзінің императорлар отбасына тән ерекше мәртебесінен бас тартқан болатын.
Мако және оның 25 жастағы жігіті де Токиодағы халықаралық христиан университетін тәмамдаған. Олар бес жыл бұрын танысыпты.
Оқи отырыңыз:
Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)
Талқылау