Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда 9 адамды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді: Адвокаттар оның тек "адамдарға көмектескенін" алға тартқан

жапонияда ер адам өлім жазасы

Сириаси полиция көлігінде, 2017 жыл/Getty Images

Жапонияда 2017 жылы 9 адамды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді. 2022 жылдан бері елде алғаш рет өлім жазасы қолданылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 жастағы Такахиро Сираиси "Твиттердегі қасапшы" деген атпен танылды. Ол құрбандарын, атап айтқанда, көбіне 15 пен 26 жас аралығындағы қыздар мен әйелдерді Токио маңындағы пәтеріне алдап шақырып, кейін оларды тұншықтырып, бөлшектеп өлтірген. Бөлшектелген мәйіттерді тоңазытқышта сақтаған.

Ол 2020 жылы өлім жазасына кесілді.

Прокурорлар ең жоғарғы жаза – өлім жазасын талап еткен. Ал адвокаттары жеңіл жаза сұрап, сотталған адамның "құрбандарының тілегін орындағанын" алға тартқан.

Сондай-ақ сотта сотталушының ақыл-есі дұрыс емес деген нұсқа да жоққа шығарылды. Судья бұл қылмыстарды "бұрын-соңды болмаған асқан қатыгездікпен жасалған қылмыс" деп атады. Сонымен қатар сот оның қылмысқа баруына жыныстық қанағаттану мен пайдакүнемдік себеп болғанын атап өтті.

Айым Болатқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 10:07
Талқылау