AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония университетінің студенттері Димаш Құдайбергеннің әндерін дәріс ретінде тыңдайды

Жапонияның ең ірі университеті оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Университет орыс тілі курсын ашып, оқу бағдарламасына Димаш Құдайбергеннің әндерін енгізген. Атап айтқанда, студенттер "Я скучаю по тебе", "Знай" және "Любовь уставших лебедей" атты 3 әнімен танысады.

Курс бағдарламасы әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрісті қамтиды. Бұл дәрістер 3 сәуір мен 10 шілде аралығына есептелген және тек қана Жапонияда таратылады. Осы аралықта студенттер Димаштың әндерін 3 рет тыңдайды.

Айта кетейік, Чиба аймағында орналасқан "The Open University of Japan" – күншығыс елінің ең танымал университеті. Онда 80 мыңға жуық студент қашықтықтан білім алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр