Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: Әйелім туыстарымнан қарыз сұратпайды

Жапон қызына үйленіп, бөтен елге көшіп кеткен қазақ жігіт басынан өткен қиындықтары туралы айтты. Осыдан 12 жыл бұрын жапон қызына үйленген Әли Әбдіғали шығыс халқының жабайы салттары туралы айтып, өз ойымен бөлісті. Қазақ жігіті өзімен бірге оқыған курстасы Айко Танимен шаңырақ көтерген. Үйлену тойын өз жерінде өткізген жігіт бірден Жапонияға көшіп кеткен.

Бұл туралы Central Asia Monitor-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақтардың қиналғанда бір-біріне қол ұшын созып, демеп жіберетін әдетіне үйретіп қалған Әли, жапондықтар тіпті туған ата-анасына қарыз бермейді екен деп таң қалды.

«Мен Қазақстандағы достарыма қарызға ақша беріп тұратынмын. Ал жапондықтар тіпті туған ата-анасына да қарыз бермейді екен. Біз тойымызды өткізіп Жапонияға көшіп келгенде, бұл жерде күн көру қиын болды. Пәтер жалдап тұру үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, ақша таптым. Қиналған соң Қазақстандағы туыстарымнан ақша сұрайын десем, әйелім бұл туралы сөз қозғама деп қарсы болды»,-дейді қазақ жігіті.

Өзге елдің салтын түсіне қоймаған отандасымыз әйелінен бақытсыз жағдайға ұшырап қалған жағдайда не істейді екенмін деп сұраған. Оның сұрағына ашуланған жапон қызы өздерінің ұстанатын қағидаларымен бөліскен.

«Егер ол есі кірген үлкен адам болса, неге осы уақытқа дейін ақша жинап қоймаған? Екіншіден: неге ол сақтанып жүрмейді? Тек қазақтар ғана өз өміріне немқұрайлы қарайды. Сендер барлық жауапкершілікті туыстарыңа немесе достарыңа жүктеп қойғанды жақсы көресіңдер»,-деп ашуланды әйелі күйеуінің сұрағына.

Қазақтың қанына сіңіп қалған әдетінен арылмаған Әли өзге елде бір жылдай қиналғанын айтты. Ол жапондықтар банктен несие алып, біреуден қарыз сұрамайды дейді. Сондай-ақ, бұл елде мүгедектер де, баспанасыз қаңғыбастар да алақан жайып ақша сұрамайды екен. Қазақтар үшін қалыпты жағдай жапондарда немқұрайлықпен қарау деп саналады. Бұл елде тіпті қонаққа бару үшін де бір-екі апта бұрын ескертіп, хабар беру керек деп таңданды отандасымыз.

«Оның өзінде туысыңның үйінде түнеп қалуға болмайды, тек кейбір жағдайларда ғана ата-анасының үйінде қонуға болады»,-дейді Әли Әбдіғали.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті

Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты (видео)

12 жасында ағасынан бала туған бойжеткен екінші рет ана атанды (фото)

Талқылау