Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Еуразиялық Одақтың жолын ұстанғанына, сондай-ақ зинақорлықты қылмыс деп тану туралы ұсынысты қабылдамағанына өкінетінін айтты.

Бұл туралы The Independent-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

1996 жылы Конституциялық сот еркектерге қарағанда әйелдер көп жазаланады деп зинақорлық туралы заңнын күшін жойған болатын. Осы заң қолданыста болғанда күйеуінің көзіне шөп салған түрік әйелдері кінәлі деп танылып жазаланған. Ал еркектерді тек көңілдесімен ұзақ қарым-қатынаста болған жағдайда ғана жазалап отырған.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл мәселені қайта қарап, неке адалдығын бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

Биліктегілер 2004 жылы зинақорлық жасағандарды жазалау туралы заңды қайта енгізуді көздеген. Бірақ бұл заң Еуразиялық Одақтың талаптарына сай болмағандықтан, жүзеге асырылмай қалды.

Айта кетейік, зинақорлыққа қатысты заң қолданыста болған кезде, неке адалдығын сақтамаған азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті

Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты (видео)

12 жасында ағасынан бала туған бойжеткен екінші рет ана атанды (фото)

Ғалымдар бала туған әйел ерте қартаяды деген тұжырымдама жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар