12 жасында ағасынан бала туған бойжеткен екінші рет ана атанды (фото)

 13 жасында бала туып Ұлыбританияның ең жас анасы атанған Тресса Миддлтон екінші баласын дүниеге әкелді. Жас ана алғаш рет 2006 жылы 16 жастағы ағасы Джейсоннан жүкті болған. Ағасының  жылдар бойы зорлағанын бойжеткен ешкімге айта алмаған. Тек сәбиі екі жасқа толғанда ғана, оның әкесі Джейсон екенін айтқан. Осы жағдайдан кейін Трессаның 16 жастағы ағасы төрт жылға абақтыға қамауға алынды.

Тресса ағасынан босанған сәбиін балалар үйіне берген. Бұл шешім оның жанына қатты батып, тіпті есірткі қолданып өзін-өзі тастап жіберген. Бойжеткен 10 жыл өткен соң ғана екінші баласын босанып, жаңа бақытқа кенелді. Сүйіктісінен босанған қызының есімін Арианна деп қойды.

Бұл туралы Dailymail хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Арианна туылғанда шынайы бақыттың не екенін сездім. Басымнан өткен қиындықтан кейін ешқашан босанбаймын деп ойлайтынмын. Бірақ үлкен қызым бөтен отбасында, ал Арианнаның ғана менің қасымда болатыны жаныма батады. Күнде қызымның жағдайы қалай екен деп қайғырумен жүремін. Мен оны жақсы көремін және қандай жағдай болса да оның анасымын. Бірақ Арианнаның үлкен әпкесімен бірге өспейтінін ойласам жаным ауырады»,-дейді Тресса.

Қыз екі жылдай ағасының жасаған қиянаты туралы ешкімге жақ ашпаған. Кейін бір әлеуметтік қызметкермен сөйлесу барысында өз сырын ашып қойған. Осыдан кейін полицейлер баланың әкесі Джейсон екенін дәлелдейтін ДНҚ сынақ нәтижесін негізге алып, оны абақтыға қамауға алды.

«Мен үлкен қызымды ол 3 жаста болғанда ғана көрдім. Ол мені танымай шошып кетті. Қызымды құшақтауға батылым бармады. Бір кезде ол сүрініп құлағанда өзін асыраған анасына қоңырау шалды. Осы сәтте менім жүрегім қатты ауырды»,-деп есіне алды Тресса.

Ағасынан бала көтерген Тресса қызын бөтен отбасына беруге мәжбүр болған. Оның басынан көп қиыншылық өтіп, жарқын болашақ туралы еш ойланбаған. Сол кездері анасы да ерте қайтыс болып, Тресса ішімдікке салынып кетті. Қиындық көп көрген ана мейрам сайын үлкен қызына сыйлық жіберіп тұрады екен.

Қазір қайта ана атанған Тресса күйеуімен қызының жанында бақытты. Үлкен қызы бойжеткенде оған бар шындықты айтып, жаныма жақын тартамын дейді ана. Ал Арианна келетін болсақ, кіші қызының бұл сұмдық туралы бірмегені дұрыс деп санайды екен. Ол екінші рет ана атанғанда жаңа өмірге қадам бастым деп, өткенді ұмытуға тырысқан.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар бала туған әйел ерте қартаяды деген тұжырымдама жасады

Еврей дәстүріне сай тұрғызылған мешіт мұсылмандардың ашуын келтірді

Астрономдар жерде магниттік дауыл болатын күнді болжады  

Ким Кардашьян үшінші сәбиінің түрін көрсетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар