Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еврей дәстүріне сай тұрғызылған мешіт мұсылмандардың ашуын келтірді

Иран астанасы Тегеранның орталығында салынған жаңа мешіт ислам фундаменталистерін ашуландырды. Авангард стилінде салынған мешітте күмбездер мен мұнаралар жоқ. Оның орнына сұр тастан жасалған толқындар тұрғызылған. Мешіт құрылысында дәстүрлі элементтердің болмауы консерваторлардың наразылығын тудырды.

Бұл туралы The Independent-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олардың айтуынша, биліктегілер еврей балет театры іспетті салынған мешітті құптап «исламға опасыздық жасады» дейді.

Мешіттегі күмбездер мен мұнаралар  пұтқа табынушылық пен христиандықтың атрибуты  дегенге ислам фундаменталистері келіспейді. Олардың ойынша биліктегілер осы жаңа мешіті тұрғызып ислам мемлекетін жаулап алмақшы.

Мешіт архитекторларының бірі Реза Данешмирдің айтуынша, жобаны мақұлдауға бірнеше айға кеткен екен. Бірақ олар биліктегілерге дәстүрлі ғимарат қазіргі заманға сай болмайтынын және қала орталығындағы ерекше құрылыс болатынын ескерткен.

«Біз бұл жобаны заманауи дәстүрде саламыз деп жоспарладық. Мен жаңа мешітке кімдер баратынын түсіндірдім», – деді ол орталықта жиі келетін жас ирандықтарды меңзеп.

Айта кетейік, «Вали-е Аср» мешітінің салынып жатқанына 10 жылдай уақыт болды.Мемлекет жаңа мешіттің құрылысына16 миллион доллар қаражат бөлген. Мешіттің ашылуы келесі айда деп жоспарланған.

Жіберіп алмаңыз:

Ким Кардашьян үшінші сәбиінің түрін көрсетті

Коллекторлар қарызын қайтара алмаған қызға “тәніңмен өте” деп хат жазған

Жанкүйеріне «өліп қал» деген Нұрлан Сабыровтың басы дауға қалды

Ғалымдар семіздікке бейім адамдар тобын анықтады

Талқылау