Жанкүйеріне «өліп қал» деген Нұрлан Сабыровтың басы дауға қалды

ТНТ арнасындағы әзіл-оспақ шоудың қатысушысы, әзілкеш Нұрлан Сабыров өзінің Сургут қаласындағы жанкүйеріне орынсыз әзіл айтып, басы дауға қалды. Жергілікті БАҚ-ның айтуынша қалалық филармонияда өнер көрсеткен қазақстандық әзілкеш  телефонда дауыстап сөйлеген жанкүйеріне «өліп қал» деген. Кейін журналистер қыздың отбасында қайғылы оқиғаның болғаны жайлы білген.

Бұл туралы osgarut.com порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сабыров өнер көрсетіп тұрғанда көрермендердің бірі телефонмен қатты сөйлесіп, бірнеше рет «анашым» деп дауыстап айқайлаған.

Ал әзілкеш Нұрлан Сабыров қыздың концерт залынан жүгіріп шыққанын көріп: «Бұл не болды?», «Сен өліп қаласың деп үміттенемін» деген. Көрермендер бұған жауап ретінде жанкүйерінің масқарасын шығарған әзілкештің сөзін қолпаштап, күле кеткен.

Концерт аяқталғаннан кейін қала тұрғындары желіде жас қыздың сол кештегі әрекетін сөз қылып, мән-жайды білуге тырысқан. Кейін қыздың жақын құрбысы сол күні олардың отбасында қайғылы жағдай орын алды деп мәселенің басын ашты.

Конценрт болған күні қыздың анасы оған әкесінің қайтыс болғаны туралы хабар берген. Осы себептен әзілкештің жанкүйері концерт кезінде «анашым» деп айқай салып, залдан жүгіріп шыққан.

Енді желі қолданушылар Сабыровтың әрекетін сөз қылып, оны сынға алды. Олар Сабыровқа жанкүйерінен кешірім сұрап, сол концертен түскен қаражаттың бәрін қызға берсін деп отыр.

«Концертте жинаған барлық қаражатты қыздың әкесінің жерлеу рәсіміне берсін», – деп жазды Сургут қаласының тұрғыны Анастасия.

«Әрбір әзілдің айтылуға тиіс орны және уақыты болады. Сол күнгі әзілі орынсыз», – деп пікір білдірді Ольга.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар семіздікке бейім адамдар тобын анықтады

96 жастағы соғыс ардагері әуе көлігімен ұшып, рекортдтар кітабына енді (видео)

Ирина Дубцова қазақстандық футболшымен көңіл қосты

Беларусь жерінде қазақ батырын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан турнир өтті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар