96 жастағы соғыс ардагері әуе көлігімен ұшып, рекордтар кітабына енді

«Болат» әжей аталып кеткен Ресейлік Мария Колтакова әуе көлігімен алғаш ұшып көрді. Биіктікті бағындырудан алдына жан салмайтын 96 жастағы соғыс ардагері Ресейдің рекордтар кітабына енген.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мария Колтакова – Ұлы Отан соғысының ардагері, сондай-ақ Курск шайқасына қатысқан ержүрек әйел.

Зейнеткер осыдан  үш жыл бұрын 93 жасында парашютпен де секіріп, дөңлегекті карта атты құрылғыға да отырып көрді. Оның жеткен жетістіктері мен көрсеткіштері бірнеше рет Ресейдің рекордтар кітабына енгізілген.

«Маған әуе көлігінде ұшқан қатты ұнады. Биіктікке көтерілуді тағы да сұрап, екінші рет көрейін дедім. Ол сондай керемет»,- дейді болат әжей деп аталып кеткен зейнеткер.

Мария Колтакова соғыс кезінде жедел жәрдем қатарында болып, ұрыс алаңынан 80-нен астам жарақат алған жауынгерлеге көмек көрсеткен. Ержүрек зейнеткер «Ерлік» медалімен және Даңқ орденімен марапатталған.

Жіберіп алмаңыз:

Ирина Дубцова қазақстандық футболшымен көңіл қосты

Беларусь жерінде қазақ батырын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан турнир өтті

Қырғызстанда әріптестерінің келгенін күткен хирург 8 сағат бойы науқастың жарақатын басып тұрған

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар