Қырғызстанда әріптестерінің келгенін күткен хирург 8 сағат бойы науқастың жарақатын басып тұрған

Қырғызстанда Бакай-Атин ауруханасының хирургі Бішкектегі қан тамырлар хирургиясынан әріптестерінің келуін күтіп, 8 сағат бойы науқастың жарақатын басып ұстап тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Ұлттық госпиталь хирургі Эльзар Токтоназаров Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Эльзар Токтоназаровтың сөзінше, науқас 21 ақпанда пышақ жарақатымен емдеу мекемесіне түскен. Ішімдік ішіп алып, төбелесіп қалған ер адамның кеудесі жарақаттаныпты. Аурухана қызметкерлері санавиация желісі арқылы Бішкектен қан тамырлар хирургін шақырған. Ол Бакай-Атин ауруханасына таңертең жетіп, жарақатты тігіпті.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты.

«Хирург ота жасап жатқан кезде, ауыр жағдайда жатқан науқастың организміндегі тіршілік үшін маңызды қызметтерінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін анестезиологтардың да еңбегін атап өту керек», – дейді Токтоназаров.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан Қарағандыда балалар киімінен табылған уға қатысты мәлімдеме жасады

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды

Мәскеу облысынан қазақстандық 3 ер адамның мәйіті табылды

Балконнан құлап кеткен баланы құтқарып қалған полицей ауруханадан бірақ шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар