Қырғызстан Қарағандыда балалар киімінен табылған уға қатысты мәлімдеме жасады

Қырғызстан жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Сапар Асанов Қарағандыда сатылған қырғыз киімінен улы зат табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Айта кетейік, “Қырғызстанда жасалған” деген таңбасы бар жаялықтардан, жейделер мен жемпірлерден формальдегид табылған еді.

“Жеңіл өнеркәсіп” басшысы Қырғызстанның атын жамылған әлдекімдер елдің беделін түсіру үшін осындай зиянды киімдер тігіп, саудалап жатыр деп есептейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол бұл киімдер Қырғызстан аумағындағы жасырын цехтарда тігілуі мүмкіндігін де жоққа шығармады.

“Бізде, әсіресе, балалар киімі өндірісі қатаң бақыланады. Сапа сертификатынсыз елден киім шығарылмайды. Бізге “Қырғызстанда жасалған” таңбасымен қытай киімі жиі түседі. Қазақстан және Ресеймен 20 жылдан астам жұмыс істеп келеміз, осы уақыт ішінде біздің тауарларға қатысты бірде-бір ескерту болған емес. Бұл жасанды бұйымдар деп ойлаймын, әлдекімдер беделімізді түсіру үшін бізге ор қазып отыр”, — деді Асанов.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бағынатын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қауіпті тауар өндірісі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ екенін хабарлады. Сондықтан бұл киімдер Қырғызстанда тігілді деуге әлі ерте.

“Егер ақпарат расталса, біз бұл іспен айналысып, соңына дейін жеткіземіз. Алайда бізде өндіруші және тауар құрамы туралы нақты ақпарат жоқ. Өз басым отандық өнеркәсіп өніміне қатысты бірде-бір шағым алған жоқпын. Ол тиісті деңгейде тексеріліп жатыр”, — деп атап өтті министр.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды

Мәскеу облысынан қазақстандық 3 ер адамның мәйіті табылды

Балконнан құлап кеткен баланы құтқарып қалған полицей ауруханадан бірақ шықты (видео)

Сиднейде суда шомылып жүрген әйелге акула тап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар