Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ қыз алғаныма сенбеген": Кәсіпкер Сырымбек Тау әйелін таныстырды

Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау алғаш рет отбасы мен табысы туралы айтты. Сондай-ақ отандық танымал кәсіпкерлердің ішінен мойындамайтын тұлғалардың есімін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динамен дұрыс” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкер Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.

“Жарымның есімі – Толқын. КІМЕР университетін бітірген. Әлеуметтік желідегі парақшасын ағылшынша жүргізеді. Мен шаңырақ құратын кезде жақындарымның дені қазақ қыз алғаныма сенбеген. “Жапон қызын алып жатыр” деп өсектегені бар. Біз 2001 жылдан бері таныспыз. 2006 жылы үйлендік. Құдайға шүкір, 5 баламыз бар. Толқын Instagram-да маған тіркелмеген. Ол саяхаттан келгеннен кейін бәрін әлеуметтік желіден көріп қойсам, не қызық дейді. Бұл туралы туған әпкем де айтты. Күнде кезігетін адам сияқты. 2015-2016 жылдары Instagram дамып жатқанда ол маған "осыны жүргізбей-ақ қойшы" деген. Кейін бір жылдай аз жүргіздім. Кейін тағы қолға алдым”, – дейді кәсіпкер.

Бизнесі мен жеке парақшасын қатар дамытып отырған кәсіпкер айлық табысын да айтты. 

“Мен ақшамен өлшемеймін. 12 компанияда акционермін. Мен қызғаншақ адам емеспін, сондықтан көп бөлісемін. 12 компаниямда 54 акционер бар. Ол – бөлісу. Мен біреудің дүниесін қызғануды жек көремін. Екіншіден, барлық айналымды қосып санасақ, 2021 жылы 115-120 миллион долларға барды. Таза пайданы қазір айта алмаймын. Шынымды айтсам, дивидент алмаймын, реинвестиция жасап жатырмын. Дивидент алып, шотта ақшаң көбейсе, бизнесмен емессің. Уақыты мен ақшасы көп адам кәсіпкер емес. Уақытты өркендеуге, ақшаны дамуға жұмсау керек", – деп кеңес айтады бизнес саласының өкілі. 

Сондай-ақ, бизнесте жүріп кейбір танымал әріптестерінің кәсібін мойындамайтынын да жеткізді. 

“Марғұлан Сейсембайды кәсіпкер ретінде мойындамаймын. Одан кейін Қазақстанда жарық көретін “Forbes” журналының версиясына сенбеймін”, – деп шынын айтты кәсіпкер. 

Талқылау