«Жанжалмен әрең аламыз»: Қызылордада аналар 21 мың теңге жәрдемақы үшін дау шығарды

Қызылорда қаласында аналар 21 мың теңге жәрдемақының үнемі кешіктіріліп берілетінін айтып ашынды. Айтуларына қарағанда, мемлекет тағайындаған ақшаларын ай сайын жауапты мекемеге келіп, жанжалмен әрең алатын көрінеді.

«Жанжалмен әрең аламыз»: Қызылордада аналар 21 мың теңге жәрдемақы үшін дау шығарды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ашынған аналар кемінде айына бір рет жауапты мекемеге келетіндерін айтады. Бұл жолы да балаларын жетектеген аналар осы мәселе үшін қызылкеңірдек айқайға басты.

«Ай сайын қырғын, төбелес. Біресе айдың басында, біресе ортасында немесе аяғында аударады. Таңертеңнен бері әкімдікті, бәрін жағалап келе жатырмыз», - дейді тұрғын Раушан Алшанбаева.

Жиналған аналардың айтуынша, әкімдік жәрдемақының әр айдың 10-ы күні шоттарына түсетінін айтып уәде еткен. Ал арамызда тек бір әлеуметтік көмекке қарап отырған отбасылар бар, дейді. Олар жәрдемақының кешіктірілуінің салдарынан мектеп мезгілі жақындағанда балалардың оқу құралдарын да ала алмай отырғандарын айтып ашынады. 

Ал әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер тамыз айындағы жәрдемақының берілмеуінің өз себебі бар екенін жеткізді.

«Бүгін-ертең шілдені жапқаннан кейін, келесі аптаның бірінші күнінен бастап тамыз айын төлеуді жалғастырамыз. Осы айдың 25-іне дейін толық алып болады», - дейді қалалық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Кенжегүл Құрақбаева.

Басшы орынбасары әлеуметтік көмек келесі аптаның басынан төлене басталады деп уәде берді. Ал аналар ай сайын осындай жаға жыртыс, айқаймен түсетін жәрдемақы шаршатқанын айтты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр