Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жануарды отырғызып қойғаны жақсы еді": Ұшақта жылаған балаға шағымданған модель жұртты ашуландырды

Индонезиялық модель Instagram желісінде шағымданып, ұшақта болған жайт туралы айтқан. 24 жастағы Анжела Панаридің сөзінше, әуе кемесіндегі сапар кезінде жанында отырған жолаушының баласы тоқтаусыз жылаған. Одан да жаныма жануарды отырғызып қойғаны жақсы еді, дейді ол.  

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұшақ салонына балаларды емес, жануарларды кіргізуге рұқсат берсе қуанар едім», - дейді Анжела Панари. 

Мұнан кейін Анжела өз қателігін түсініп, видеоны өшіріп тастады. Алайда желі қолданушылары видеоны сақтап алып, оған жағымсыз пікірлерін жаудырды. Артынша модель кешірім сұрауға мәжбүр болды. 

«Эмоцияға беріліп, қателік жасағаным үшін кешірім сұраймын. Қатты ашуланып, сол үшін видео жариялаған едім. Ендігі мұндай әрекетке бармаймын. Бұл жағдай маған сабақ болды», - дейді модель. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр