Жантүршігерлік оқиға туралы мәлімет: Марқұм баланың туған анасы ұлын не үшін азаптап өлтіргенін айтты
Ақтауда өгей ұлын өлтірген 35 жастағы Тұрсынай Сәрсеноваға қатысты сот отырысы басталды. Мойнына 16 жастағы Нұрсұлтанның қанын жүктеген айыпталушы, марқұмды пышақтап өлтіріп, денесін сарайға тығып тастаған екен. Тек, жасөспірімнің мәйіті қаңтар айының басында табылған. Бұл туралы КТК хабарлады.
Ал, қанды қол әйел қатаң жазаға тартылуы тиіс деген марқұмның туған анасы, өгей шеше Нұрсұлтанға үнемі қорлық көрсетіп келген деп отыр.
16 жастағы Нұрсұлтанның ата-анасы осыдан 10 жыл бұрын дәм-тұзы жараспай ажырасып кетеді. Бейкүнә бала әжесінің қарауында қалған. Бірақ, шаңыраққа тағы келін түскенде, өгей шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас өзгеше өрби бастайды. Ал, бауыр еті баласының өлгеніне әлі де сенгісі келмейтін Кәмшат Қожақова, үнемі қорлық көрсеткен Сәрсенова ақыры ұлымның түбіне жетті дейді.
«Бір рет кешірдім, төрт бала үшін. Екіншісінде кешірім деген жоқ қой. Мен тек қана соттан әділ жазасын сұраймын. Басқа ештеңе сұрамаймын. Бір адам өлтірген адам, келесіде де қайталуы мүмкін»,-дейді Нұрсұлтанның анасы Кәмшат Қожақова.
Кісі қанын мойнына жүктеген Тұрсынай Сәрсенова 16 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген. Тіпті, қылмысын жасыру үшін мәйітті сарайға тығып тастайды. Бірақ, өгей шеше қолы қанға малынғанын ертесіне-ақ мойындаған. Ал, сотталушының туысқандары, қайғылы оқиғаға баланың тағдырын тәлкек еткен екі тарап кінәлі деп есептейді.
«Тұрсынайдың төрт баласы бар, бір баласы мүгедек. Сол төрт баласымен бірге бақты. Өзінің баласындай көріп. Оқудан қалдырған жоқ. Тамағын аш қылған жоқ. Бұл қылмыс негізінде екі әйелдің ерегісінің нәтижесінде болып отыр»,-дейді айыпталушының ағасы Ырысбай Сәрсенов.
Сот-психологиялық сараптаманың нәтижесінде, қолына кісен салынған айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп шешім қабылдаған. Алайда, оның адвокаты қайта сараптама жүргізуді сұрап отыр. Қорғаушылар оның ашу үстінде осындай қадамға барғанына сенімді. Бірақ, өгей шешінің қанды қылмысы толықтай дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде тележүргізушінің лифтідегі өлімінен кейін кооператив төрағасы мен механик тергеуге алынды
Ақтаулық әйел өгей баласын 20 жерден пышақтап өлтірді
Қытайда 26 жастағы қазақстандық футбол ойынынан кейін қайтыс болды
Қазақстанның бірнеше облысына шегірткелер қауіп төндіруі мүмкін