Жансая Әбдімәлік мансабын аяқтады ма? — Шахматшының өзі жауап берді

Қазақстандық танымал шахматшы және халықаралық гроссмейстер шахматқа қайта оралуына қатысты өз ойын айтып, алдағы мақсат, жоспарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Шахмат менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Бірақ қазір мен басқа маңызды кезеңде — отбасыммен, аналық жолыммен және ішкі тепе-теңдігімді қалпына келтірумен айналысып жүрмін.
Егер бір күні қайта оралғым келсе, ораламын. Ал егер оралғым келмесе, онда мен өзімді басқа да маңызды істерге арнаймын”, – деп жазды ол instagram парақшасында.
Еске салсақ, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы сәуір айында тұрмысқа шықты. Шахматшының таңдауы "Қазақмыс" басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке түскен. Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-приінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық. Ол бұл атаққа 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

