Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жансақтау бөлімінде жатыр": Индира Расылханның отасы қалай аяқталғаны белгілі болды

Индира Расылханның отасы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жансақтау бөлімінде жатыр

Денсаулығы сыр беріп, ота үстелінен бірақ шыққан әнші Индира Расылханның қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. 2 сағатқа созылған отадан кейін өнер иесінің жағдайы қалыпты екенін айтып, көмекшісі шүкіршілік етті. Сонымен қатар, жұрттың дүға-тілектеріне алғыс айтты ол.

"Аллаға мыңда бір Шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталда. Қазір жан сақтау бөлімінде! Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменнің шынайы тілекші болғаны, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр!" - дейді Индира Расылханның көмекшісі. 

Екі сағат болуы керек ота уақытынан бұрын аяқталып, бәрі оңынан болған. Өнер иесі денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп алғаннан кейін сахнаға оралмақ. 

"Екі сағатқа жоспарланған ота, бір сағатқа толмай сәтті аяқталды! Алаңдап жазған хаттарыңызбен, қоңырауларыңыз үшін үлкен рахмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын!" - дейді Арай есімді әншінің көмекшісі. 

Талқылау