Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр": Нұр-Сұлтандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды

Нұр-Сұлтандағы жүк көлігі мен шағын автобустың соғысуынан зардап шеккен 11 адамның жағдай қалай екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Апат болған жерде жедел жәрдемнің алты бригадасы жұмыс істеді. Зардап шеккендердің барлығы қалалық станционарға жеткізілді. Олардың денсаулығын тексергеннен кейін төрт адам, оның ішінде үш ересек пен бір бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын мамандар қарап шығып, емханада емделуге жіберді», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Оның айтуынша, үш ересек адам травматология және ортопедия орталығында жатыр. Үшеуінің де жағдайы қалыпты.

«Бір жас адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Дегенмен жағдайы тұрақты. Көзіне аздап зақым келген және органдары жарақаттанған. Екі адам бөлімшелерде жатыр. Бала екінші қалалалық ауруханаға жатқызылды, орташа ауыр халде, тұрақты. Бәрі әртүрлі жарақат алған», - деді Рүстемова.

Ол 19 мамыр күні «Гүлжан» сауда орталығы маңайында болған тағы бір апат жайлы баяндады. Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, газет киоскін соққан.

«Оқиға орнында 1967 жылғы қала тұрғыны қайтыс болды. Ол ауыр жарақат алды. Қалғандары қаладағы станционарларға жеткізілді. Төрт адам тексеруден өтіп, амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Бір адам № 1 қалалық ауруханасында жатыр. Жағдайы қалыпты, орташа ауыр халде. Зардап шеккендердің барлығы үлкендер, балалар жоқ», - деп мәлімдеді ол.

 

Еске сала кетсек, 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан  қаласындағы Тілендиев даңғылында жүк көлігі мен шағын автобус соғысты. Жол-көлік апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Қажетті сараптамалар белгіленіп жатыр. Жол апатының себебі анықталуда.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр