"Жәннатты нәсіп етсін": Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы інісінің тілегінен кейін көзіне жас алды (видео)
Бүгін жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы Бекболат Болманов 19 жасқа толды. Сері жігітті бауырлары бірінші болып құттықтады. Інісінің жұмақ туралы тілегін естіген ол көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Видеодан скриншот, instagram.com/bbolmanov86/
Туған күні иесін бірінші болып Қыдырәлі Болмановтың өзі құттықтады. Ақ тілегін айтып, тұңғышын ерекше жақсы көретінін бөлісті. Бұдан кейінгі тілек кезегі өзінен кіші бауырларына бұйырды.
«Абырой-бақытты, жәннатқа баруды нәсіп етсін. Жүз жас өмір сүр», - деген тілектен кейін Бекболат Болманов көзіне жас алды.
Әлеуметтік желі қолданушылары да жұлдызды отбасының қуанышына ортақтасып, тілегін жарысы жазды.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Астанада Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ең ақылды оқушылардың бірі ретінде мойындалды. Сондай-ақ, ол ҰБТ-дан 128 балл жинап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Экономика" факультетіне мемлекеттік грантқа түсті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”