Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәннатқа бір табан жақындатқан": Боксшы Жанқош Тұраровтың келіншегі екінші рет қыз сыйлады

Боксшы Жанқош Тұраровтың келіншегі екінші рет қыз сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жәннатқа бір табан жақындатқан

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жұрттан сүйінші сұраған. Жанқош Тұраров келіншегіне алғыс айтып, отбасыларына тағы бір кішкентай қыздың келгенін жеткізді. Сонымен қатар, ол қазақтың әрбір отбасына осындай бақыт тілеген. Жанқош Тұраров екінші перзенті үлкен қызына серік болатынына сенімді.

"Ассалаумағалейкум, бауырлар. Алланың бергеніне де, бермегеніне де шүкір етемін. Бүгін таңның атысымен қозымның сіңілісі, екінші ханшайымым дүние есігін ашты. Әр қазақтың отбасында осындай қуаныштар көп болсын, балалы, немерелі, шөберелі бола беріңіздер! Анасына рахмет, мені жәннатқа бір қадам жақындатқан", - деп жазды Жанқош Тұраров.

2016 жылы шаңырақ көтерген жұп бүгінде Алиянна есімді қыз тәрбиелеп отыр. Спортшының Клара есімді келіншегі енді оған екінші қыз сыйлап қуантты.

Талқылау