Жәннат Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды
Жәннат Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәннат Дүбірова 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Коммерциялық құрылымдарда метадеректер әкімшісі, IT жобалардың жетекшісі, менеджер, бас менеджер, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2017 жылдары Astana Innovations басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2017-2022 жылдары Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" ШЖҚ МКК басшысы болды.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ