Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанна Әбуова алғаш рет «Меломен» тобымен байланысының үзілу себебін түсіндірді

«Меломен» тобы бұрынғы продюсерлері Жанна Әбуовамен келісім-шартын үзіп, жаңа продюсер Бауыржан Есебаевпен жұмыс бастаған еді. Одан бері де бір жылдан аса уақыт өтті. Десе де, әлі күнге дейін Әбуованың топпен не жұмыс істеуді не себепті тоқтатқаны жайында продюсер де, әнші жігіттер де ашып айтпаған болатын.

00000-1-620x413

Продюсер Жанна Әбуова алғаш рет бұл мәселеге қатысты пікірін білдірді.

«Әйел адам болғаннан кейін мінезім шатақтау болады», – деген сөзіне қарасақ, кикілжіңге продюсердің өзі себеп болған секілді. Алайда Әбуова жігіттердің бүгінгі жетістігінде өзінің үлесінің бар екенін айтуда.

«Меломен» тобына тоқталсақ, ұзақ әңгіме. Ол балалар менің продюсерлік жасайтын жұмысымнан озып кеткен де, өсіп кеткен де шығар. Білмеймін ғой. Ол топтың қазіргі таңда жұмысы жеңіл деп ойлаймын, елге танымал. Өйткені ең қиыны жұмысты жаңадан бастау, жаңадан жобаны алып шығу, бірінші қадамдарын тәй-тәй басқызып… Әрі қарай енді халықтың қалауымен жүре беретін топтар ғой», – деді Әбуова «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал «Меломен» жігіттері экс-продюсерлерімен жұмысты тоқтатып, Бауыржан Есебаевпен келісімге келгендері дән риза секілді.

Топ мүшесі Қайрат Мырзаханов: «Қазіргі «Меломенмен» айырмашылығы жер мен көктей», – десе, Ғабит Әбілдаев:

«Басшыға бағыну деген жақсы нәрсе ғой. Көп тәжірибесі бар адам бір жолға қоя алады», – деп ағынан жарылды.

Ал Ролан Қазрет Бауыржан Есебаевті колледж студенті болған кезден танитындарын айтты.

Жаңа продюсер де шәкірттерінің тарапынан түскен ұсынысқа көп ойланбастан келіскенін мәлімдеді.

«Жігіттерден ұсыныс түсті, ойланып көріп, қабылдадым. Неге тәжірибеммен бөліспеске, жігіттерге продюсер болмасқа деп ойладым», – дейді ол.

Есесіне Әбуова 4-5 жыл бірге жұмыс істеген жігіттерді сағынатынын айтты.

«Бірнеше жыл бірге жұмыс істегеннен кейін бауырымдай болып кетті. Басқа «Меломен» тобына кезінде бағындырар белестерінің алда екенін айтқам. Жаңа продюсермен мықты жұмыс істеп жатса, сол мақсаттарына жеткізе білсе, мен тек қуанамын», – деді ол.

«Меломен» тобын сағынып жүрген продюсер олардың орнын жоқтатпайтындай жобаға кіріскен.

«Жылдан жылға продюсерлік кәсібім көтеріледі деген ойда биыл үлкен бір жаңалық дайындап отырмыз. «Меломен» тобын сағындырмайтындай, ойыма салдырмайтындай үлкен жоба», – дейді Әбуова.

Оның қандай жоба екенін алдағы уақытта білетін боламыз.

Жіберіп алмаңыз: 

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

Баян Мақсатқызы мен Аша Матай талғамсыз киімдерімен таңқалдырды (фото)

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр (видео)

 

Талқылау