Жанкүйерлері балағат сөздер айтқаны үшін "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарына айыппұл салынды
Фото: Stan.kz
"Қайрат" футбол клубы "Реалға" қарсы ойын алдында жанкүйерлері үшін айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Команда жанкүйерлерінің жөнсіз мінез-құлқы, қауіпсіздік ережелері мен чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін, қарсылас командаға және төрешілер бригадасына қарсы балағат сөздер айтқаны үшін шара қолданылды. Сондай-ақ футболдан Қазақстан чемпионатының 23-турының ойыны кезінде жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан. Осының бәрін ескеріп, "Қайрат" ФК-ға 100 АЕК не 393 200 теңге айыппұл салынды. Футбол клубы айыппұлды 17 қазанға дейін төлейді.
Ақтөбелік кондитер "Қайрат" футбол командасына торт жасап, жерлестерінің сынына ұшырады
Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынын айтты
Матч барысында қарсылас командаға жанкүйерлері балағат сөздер айтқаны үшін “Ақтөбе” ФК-ға да айыппұл салынады. Клуб 17 қазанға дейін 60 АЕК яғни 235 920 теңге төлеуі қажет.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
