Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская: Таиландта жезөкшелер мен трансвеститтер көп

Жуырда ғана Таиланд елінде демалып қайтқан актриса Жәния Джуринская аталмыш ел туралы өз ойымен бөлісті. Актриса Таиландта жезөкшелер мен трансвеститтердің өте көп екенін, сол себепті Қазақстанда дүниеге келгеніне қуанатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

джуринская жания

«Қысқаша айтар болсам, Паттайя – тұнып тұрған лас қала. Барлық жерде тазалыққа қайшы нәрселер. Трансвеститтер мен жезөкшелерді кез келген жерден көруге болады. Кез келген нәрседен ақша жасайды. Телефоныңды қуаттайсың ба? Төле. Жатып демалғың келе ме? Тағы да төле.

Трансвеститпен суретке түсесің бе? Ақша бер. Кедейлік пен ластыққа тұнып тұрған қала. Соған қарамастан Паттайя туристік қалалардың ішінде алғашқы орындардың біріне жайғасқан. Сулары өте лас. Ас мәзірлері нашар, тағамдары дәмсіз. Қазақстанда тұратыным үшін өзімді бақытты санаймын. Бізде адамдар адекватты көзқараста. Бізде, ең болмағанда, жезөкшелікке тыйым салынған және жаман жолға түскен қыздар қатаң сөгіс естиді. Жыныс ауыстыру – барып тұрған жабайылық.

Дегенмен кез келген нәрсенің екі жағы бар. Ертегідегідей әдемі аралдар. Ондағы су таза, алайда оған дейін де жүзіп бару қажет. Ол да шаршатады. Жеміс деген жетерлік, кейбір түрлерін өмірімде бірінші рет көрдім. өсімдіктер мен жануарлар әлемі керемет, ғажап. Сондай-ақ, сенің танымыңды дамытатын тарихи орындар жетерлік. Аталған артықшылықтар кемшіліктерді жауып тастайды. Жалпы демалысымды 10-нан 9-ға бағалаймын», – деп жазды актриса.

Бұған дейін Джуринская трансвеститтер шоуына барғанын айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

«Әлем аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

Ninety one әншісі сахнада түшкіріп артынша акробатикалық жаттығу көрсетіп жіберді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады

Талқылау