Жәния Джуринская: Сүйген адамыңыз тастап кетуі мүмкін

Жәния Джуринская бай болу, сәнді өмір сүру деген ұғымды өз әлемінде қалай қабылдайтынын айтты. Актриса біреудің көзқарасы үшін емес, өзің қалаған әлемде өмір сүруді жөн санайды.

Актриса парақшасында жантебірентерлік жазба қалдырып, көпшілікті ойландырып тастады. 

"Шалқып өмір сүру - ол ерін далабы немесе мейрамхана мен биік өкшелі туфли емес. Нағыз бақыт ол - өзің қалағаныңдай өмір сүру. Өзіңе ыңғайлы бәтіңкемен жүру. Өзіңе ұнайтын далап түсін жағып, әлде мүлде далапсыз жүру.

Өзіңе ұнаған тағамды жеу. Қарыз сезіммен емес, өзіңе ұнаған адаммен өмір сүру. Өзіңе қажет еместен арылу. Өзіңе ұнаған нәрсені қорғау.

Шалқып өмір сүру - лайықты болу емес. Сол заттың сізге лайықты болуы. Сіңліңнің сізге берген табағы. Әкеңнің футболкасы, анаңның нұсқаулығымен жасалған пирог. Сүйіктіңнің сені сүюі. Қызықты кітаптар. Жақсы кинолар. Таза пәтер. Өзің таңдаған өмір. 

Қолайсыз сәтті өзіңді сөгудің керегі жоқ. Шұлығыңыз жыртылуы мүмкін, пирог қамыры дұрыс болмай қалуы мүмін, достарыңыз сізге ұнайтын киноның көрмеуі мүмкін. Сүйген адамыңыз кетіп қалуы мүмкін. Жұмыста мансабыңыз өспеуі мүмкін. Бұл жай ғана қиындықтар. 

Жыртылған шұлықты тігуге не жаңасын алуға болады. Пирогты төгіп, басқасын жасап көріңіз. Киноны достармен емес, жалғыз көріңіз. Жаңа жұмыс іздеп көріңіз. Шалқып өмір сүру деген - өз ережеңмен өмір сүру. Ақталуды керегі жоқ. Өз арманың, өз таңдауың, өз дүниең үшін ақталудың түк керегі жоқ", - деп жазды Жәния.

Желі қолданушылары актрисаның ақылдылығын айтып, өз ойы қоса кетті. 

"Жаның ер азамат болмаса да, әйел өзін бақытты сезіне алады", "Бәрекелді, өмірді ерекше қабылдайсың, жақс көресің, өзіндік таңдауың бар", "Не деген ойсаларлық жазба", "Көңіл-күйіңіз неге жоқ", "Өте дұрыс жазыпсыз", - дейді олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр