Жәния Джуринская Сахара шөлінен квадрациклмен жүріп өтті (фото)
Жәния Джуринская қысқы демалысын Мысыр елінде өткізуде. Қазақстандық актриса кезекті сапарының қызықтарымен бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz.
Каир қаласына келіп түскен алғашқы күні-ақ Джуринская Мысырдың өте әдемі, ал халқының қонақжай екенін жеткізді.
Одан кейін актриса Сахара шөлінен квадрациклмен жүріп өткенін айтып берді. Актрисаның айтуынша, ол жылдамдықты шамадан тыс арттырған. Сол себепті бұл көріністі видеоға түсіре алмаған.
«Негізі мен Шумахер екенмін. Сахара шөлінен квадрациклмен жүріп өттім, бұл адреналинді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өкінішке қарай видеоға түсіре алмадым. Себебі жылдамдық тым үлкен болды. Алайда естелік ғұмыр бойына жадымда қалады», – дейді Жәния.
Бұдан бөлек, актриса Каирде тағамдардың өте дәмді екенін, түскі асқа көгершіннің етінен әзірленген сорпа ішкенін айтып берді.
Жіберіп алмаңыз:
Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)
Қайрат Нұртас сүйіктісіне халықтың алдында ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды
Тәуекел Мүслім ұятсыз көріністері бар телехикаяға түсіп жатыр
Баян Есентаева Вьетнамда Карина Абдуллинаның портретін көріп таңғалды (видео)