Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жания Джуринская: Сүйіктімді бәрінен қорғағым келеді

Үш жылдан бері жүріп жүрген жігітінің бар екенін жасырмаса да, оны халыққа көрсетпейді. Мұның себебін актриса сүйіктісінің алып-қашпа сөздер естуге дайын еместігімен түсіндірді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көпшіліктің арасынан сыңғырлаған күлкісі мен жарқын жүзін байқамау мүмкін емес. Бір көргеннен есте қалып, артынша танысқан соң күлкісінде еш жасандылық жоқ екеніне көз жеткізесіз. Ол сізді таңқалдыруға немесе сыпайылық танытып жағымпаздануға тырыспайды. Бар болғаны шынайы болмысын тарту етеді.

Байқоңырда 1990 жылы дүниеге келген ару Алматыға білім іздеп келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетіне түсіп, бірінші курста жүрген кезінде өзінің адасқанын байқайды. Сөйтіп жұлдыздардың соңынан жүгіруді емес, өзінің соңынан жүгіртуді жөн көреді. Бүгінгі таңда “Өкініш” фильмі мен “Болашақ”, “Парыз”, “Өмір өткелдері”, “Ғашық жүрек”, “ВУЗеры” сынды бірнеше телехикаядан бой көрсетіп үлгерген.

4

Үйінің үлкені болып, соңынан ерген сіңлісіне барынша қамқор болса да, өзіне де бір қамқоршының керек екенін жасырмайды.

“Моя история” бағдарламасында “Шынымды айтсам, көп адамның өмірімді бақылап отыратыны ұнайды. Бірақ кейде ренжитін сәттерім болады… Хэллоуин мейрамында бетімді бояғаным үшін ауыр сөздер естідім. Бұлай қазақ қызы болғанша, о дүниелік болғаның артық деп айтқандар да болды. Бұл ақылға сыймайтын дүние ғой” деп желі қолданушыларына қатты ренжулі екенін айтқан болатын.

2

Бұдан кейін сүйіктісінің бар екенін, тіпті ұсыныс жасап үлгергенін тілге тиек етті. “Жеке өмір жеке болып қалуы тиіс. Адамдардың талқыға салғанын қаламаймын. Мені сөз қылатындары да жетеді. Мұндайға мен дайын болғанмен, ол дайын емес. Мен оны осының барлығынан қорғағым келеді” деп сүйіктісін көпшіліктен неге жасыратынын түсіндірді.

image

Актриса той күні нақты белгіленбесе де, ол күннің ауылы алыста емес екенін айтты. Осы күнде жігітінің ата-анасы мен барлық туысқанымен танысып үлгерген.

Талқылау