Жәния Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді (видео)
Жуырда ғана Таиландтағы аралдардың бірінде демалып қайтқан қазақстандық актриса Жәния Джуринская желіге су киімімен түскен суреттерін жүктеп, қатал сынға ұшырады. Актриса кез келген адамның суға жартылай жалаңаш түсетінін алға тартып, оны елге көрсетудің еш әбестігі жоқ деп санайды. Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Ұят! Ұят! Масқара!» – мен су киімімен түскен суретті жүктеген кезде сіздердің бар айтарларыңыз осы. Біріншіден, адам баласы су киімімен шомылса, оның еш оғаштығы жоқ деп санаймын! Басқа немен шомылуым керек? Бірақ дәл қазір әңгіме бұл туралы емес. Ұят! Мен үшін сүйген адамыңа сатқындық жасау – ұят! Ақша үшін лақтырып кетсе, ата-анаңның мойнында отырсаң, сол ұят! Үлкендерді сыйламау – ұят. Жұмыс істемеу, жақындарыңа көмектеспеу, өз пайдаң үшін адамдарды пайдалану – ұят! Ер адам өзінің затына сай тірлік жасамаса – ұят! Уәде беріп, оны орындамау, әйелдерге қол көтеру, өтірік айту, екіжүзді болып, біреудің аяғынан шалу – ұят! Мен үшін не нәрсенің ұят екенін айта берсем, ұзын-сонарға созылып кетер. Ал менің су киімімен суретке түсуім бар болғаны – ыстық күн, бассейн мен демалысты білдіреді.
Тағы қоса кетейін, кейбір қазақ қыздары адам шошырлық әрекеттер жасағанда, су киімімен суретке түсуді ұят демес едіңіздер!» – деп жазды Джуринская желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Алуа Қонарова өзінің мазасын алған ақылсыз әншілерге ашуланып кетті
Айдана Меденова: Қызымның әнші болғанын қаламаймын
Меруерт Түсіпбаева: Сүйіп қалсам жасы 70-те болса да маңызды емес