Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаров екі әйелінен туған балалары туралы айтып берді

Танымал сазгер Марат Омаров алғашқы некесі сәтсіз аяқталғаннан кейін екінші рет отбасын құрған. Алғашқы әйелінен сазгердің бір ұл, бір қызы бар.

марат омаров бибімариям

Омаровтың тұңғышы Зарина Омарованы ел жақсы біледі. Ал ұлы Азамат бүгінде әке жолын қуып, сазгерлікпен айналысуда. Сол сияқты екінші әйелінен туған Бибімәриям да өнерден кенде емес. Екі анадан туса да, бүгінде бауырлар бір-бірімен жақсы араласады.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Иә, біз жақсы араласып тұрамыз. Апта сайын звондасып тұрамыз. Бірақ қазір ол Ақтөбеде болғандықтан, көп араласып жүрген жоқпын», – дейді кішкентай Бибімәриям әпкесі Зарина Омарова жайында.

Бибімәриям да әпкесінің жолын қуып, өнер жолын таңдаған. 6 жасынан бастап халықаралық байқауларға қатысып, биік белестерлі бағындыруда. Кенжесінің жетістікке жеткенін көру үшін сазгер әке барынша тырысып бағуда. Тіпті, арнайы қызы үшін елордадан өнер ордасы саналатын Алматы қаласына көшіп келуді жоспарлап отыр.

«Биыл Алматыға қоныс аударып жатырмын. Кіші қызым арнайы Жәния Әубәкіровада оқып, өнерге байланысты жан-жақты дәріс алып жатыр. Қызымның таза кәсіби білім алса деймін. Өзі де өнерге құлшынып тұр», – дейді Марат Омаров.

Сазгердің айтуынша, ата-анасының ажырасқанына бала кінәлі емес. Сондықтан да ол қандай жағдайда болмасын, балаларымен араласып, оларға қол ұшын созып тұруды өз парызы санайды.

«Ол өзіңнен шыққан бала. Қандай жағдайда да балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Біз араласамыз. Заринамен де, Азаматпен де араласамыз, көмектесіп тұрамын. Оны әкелік парызым деп ойлаймын. Жағдайым келгенше көмектесуім керек», – деп түйіндеді сазгер.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова: Қызымның әнші болғанын қаламаймын

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Баян Есентаева «Қазақ аруы» телехикаясының алғашқы кадрларын жариялады (фото, видео)

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнін 90-жылдардың стилінде атап өтті (фото, видео)

Талқылау