Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы: Жақындарымыз біздің қайда тұратынымызды білмейді
Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Жақында тұрмыс құрған актрисаның айтуынша, туған-туыстары олардың қайда тұратынын білмейді, деп жазады Stan.kz.
Отау құрғаннан кейін романтика жоғалады, туған-туыс, тұрмыс-тіршілік басталады деген сенім Жәнияның отбасынан айналып өткен.
Джуринскаяның айтуынша, жақындары екі жастың өміріне мүлде араласпайды. Екеуіне еркіндік берген үлкендер, тіпті Данияр мен Жәнияның қайда тұрып жатқанын білмейтін болып шықты.
"Данияр екеуміздің өмірде жолымыз болды. Ата-аналарымызға біздің өмірімізге араласпайтыны үшін, біздің өмір сүру салтымызды түсініп, қабылдағандары үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Айтуға ұят, әрине, бірақ жақындарымыздың ешқайсысы біздің қайда тұратынымызды білмейді. Бірнеше рет қонаққа шақырмақшы болдым, бірақ пандемия деп өздері келгісі келмеді. Жақында шақырамын", – деп бөлісті Жәния.
Ата-анасы екі жасқа келмегенімен, Данияр мен Жәния кішілік танытуды ұмытпайды.
"Ата-анамызға барып тұрамыз, олар бір-біріне барып тұрады. Өзіміздің құдалыққа күйеуім екеуміз келе алмай қалғанбыз. Даник ауырып, жедел жәрдем шақырттық. Екі жақ өздері кездесті.
Ырым-жырымнан еркін және толыққанды бақыттымыз! Ата-анамызға мың алғыс", – деп түйіндеді сөзін ол.
Желі оқырмандары жас отбасыға қызығып, мұндай жағдайдың сирек кездесетінін айтты. Жәнияға басындағы бақты бағалауға кеңес берді.